Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Скачать Ата-анаңды қадірле - Гадилбек Жанай

Гадилбек Жанай
Pop

Исполнитель Гадилбек Жанай

Сборник Термелер

Прослушиваний 10663

Популярные сборники
Текст песни

Қадірле ата анаңды тірісінде
Бірін бақ бірін байлық ырысым де
Алдында ата ананың бағаланбас
Алтында гауһар жауһар күмісіңде

Анаңды аялай біл ақ сүт берген
Төрт бөліп тəтті ұйқысын түн ішінде
Əкеден қарғыс емес алғыс алсын
Жұмақтың жүрем десе күмішінде.

Байлап бақ атанаңды жынды болса
Бұл нақыл үлге қыз бен ұл үшінде
Себебі дайын олар о бастанақ
Бала деп отқа түсіп у ішуге
Термелеп сөз айтайын саналыға
Бұрынғы өлмесін деп баба мұра.
Абайла ата анаңыз налымасын
Қарайла қайғы алмасын қабағына.
Ұрпаққа ұлағатты болғың келсе
Сыйлағын əкеніде ананыда
Атаңа не жасасаң алдыңа сол
Келеді деген мəтел бағалы да.
Аялап алақанға сап өтпесең
Жəннəттің иісі бармас танауыңа
Ғаламның ғаламатын жиып терсең
Ананың татымайды ау табанына
Жамағат жақсы білер жұма барған
Өмірде артық жан жоқ ұлы анаңнан
Анаңды сыйла деген пайғамбарда
Қолына қасиетті құран алған.
Тіріңде төбеңізге көтеріп жүр
Шуақ боп шапағаты шығар алдан
Жатыр ғой күні біткен күнде кетіп
Құтылмас ешкім қашып сұм ажалдан.

Сан соғып қалмағайсың асылдарды
Басынан көшкен шақта мына жалған
Орны ойсыраған тола қоймас
Жеті күн жер бауырлап жылағаннан.
Өсиет айтам жайсаң жамағатқа
Керегін алар əркім саралапта
Қараусыз қалдырып жүр ата анасын
Кейбіреу жеткеннен соң балиғатқа.
Күнəсін құдай оның кешер мекен
Қалған соң надан дейтін жаман атқа.
Əлпештепте жүргендер бар ата анасын
Қайтейін қара шенді қаралы апта.
Солардың барлығына тəубе деймін
Бақыттың басы дəйім қанағатта
Ағайын ата ананы ардақтайық
Сай болып адам деген саналы атқа.

Полный текст песни
Гадилбек Жанай — Ата-анаңды қадірле

Тексты всех песен артиста

Комментировать